Азаттық – 70
Елеусіз тарих. Азаттық 40 жылдан аса қазақша латын әліпбиін қолданды
Азаттық радиосы ондаған жыл латын әліпбиімен жазды. Советтік Қазақстанды көрген адамдар “қадімше” латын әліпбиін пайдаланды. Кейінгі толқын латынның түркиялық нұсқасын жаңаша жазу ретінде қабылдады. Бұрын радиода қызмет атқарған, қазір Түркияда тұратын тарихшы Әбдіуақап Қара Азаттықтың латын тәжірибесі жайлы айтады.
Read MoreТүркі әліппесі. “Латынға көшпеген Қазақстан мен Қырғызстан қалды”
Ортақ түрік алфавиті, латын әліппесі туралы бір ғасырға жуық айтылып келеді. Кейінгі кезде саяси мінбеден де естіле бастады. Бірақ не өзгерді, не шешілді? Не кедергі? 46 жыл бұрын жарық көрген түркі әліппесіне арналған кітап туралы Азаттық қандай хабар таратты? “Азаттық радиосына 70 жыл” аудиоподкасында осы жөнінде айтамыз.
Read MoreТұрар Рысқұлов пен Түркістанның түбіне өз партиясы жетті
Түркістанның мұсылман коммунистері деген кімдер? Батыста олар туралы не деген? Тұрар Рысқұловтың Түркі компартиясы мен Түркі республикасын құру идеясын тұншықтырған совет компартиясының әрекеттері жайлы “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының кезекті эпизодында айтылады.
Read MoreТүркістан одағына жете алмаған Орталық Азия
Назарбаевтың мәлімдемесі Түркістан конфедерациясы мәселесінің көтерілуіне себеп болды ма? Мұндай ықпалдасудан қоғам не күтті, билік не істеді? Демократиялық күштердің ұстанымы қандай еді? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының кезекті эпизоды осыған арналады
Read MoreОрны толмаған мал, тоналған мұнай. Дербестіктің ақсақ қадамы – қазан 28, 2023
1990 жылы Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданатын кезде Қазақстандағы шаруашылық қалай өрістеді? Жаңа одақ шарты әзірленгенде Қазақстан Мәскеумен қатынаста нені ескеруі керек? Азаттық радиосы шолу хабарларында совет кезінде мұнайшы мен малшыға жеткілікті жағдай жасалмағанын сынайды.
Read More“Сәбетқазы Ақатай – Назарбаевқа сенімнің құрбаны” – қазан 21, 2023
“Азат” азаматтық қозғалысы ұлттық-демократиялық бағытта Алашордадан кейінгі ірі саяси ұйым аталады. Қозғалыстың негізін қалағандардың бірі Сәбетқазы Ақатай оның ыдырауына да себепші болды ма? Оппозицияда болған ол билікті неге қолдады? Назарбаевқа неге сенді? Биылғы күзде Сәбетқазы Ақатайдың туғанына 85 жыл толса, дүниеден өткеніне 20 жыл болды. Азаттық радиосы хабарларындағы саясаткердің бейнесіне шолу.
Read MoreКГБ-ға хат. Жазушылар одағы Мағжанның ақталуына неге қарсы болды? – қазан 14, 2023
Совет билігі кезінде қайта-қайта сотталған Мағжан Жұмабаев неге басқалардан кеш ақталды? Туыстары қалай қудаланды? Мағжанның көзін көрген туысы не дейді? Ал Мағжанды 1950 жылдары Қиыр Шығыста көрдім деген адам не дәлелдегісі келді? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының осы эпизодынан тыңдаңыз.
Read MoreҚарасартов қарсы. Ақталған Шәкерім мұрасын жариялаудағы кедергі – қазан 07, 2023
1931 жылғы 2 қазанда совет билігі тергеусіз, сотсыз атып өлтірген Шәкерім Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталды. Бірақ тағы 30 жыл бойы оның аты-жөнін айтқызбай, шығармаларын жариялатқызбады. Азаттық радиосы 1973 жылы Шәкерім жайлы хабарында ақын шығармалары ел арасында қолжазба түрінде тарайтынын айтқан. Шәкерім мұрасын жариялауға кім қарсы болды? Оның жырлары кітапханадан да қолды болған ба? Аудиоподкасты тыңдаңыз.
Read MoreАтаманның ақыры. Орал оқиғасы ұмытылды ма? – қыркүйек 30, 2023
Қазақстан тәуелсіздік алардан тура үш ай бұрын, 1991 жылғы 15 қыркүйекте Оралда болған болған сепаратистік сипаты бар оқиға жайлы бүгінде аз айтылады. Оқиғадан соң оған саяси баға беруді талап еткен акциялар да өткен. Азаттық архивіндегі деректер бұл туралы не дейді? Оқиға кейіпкері мен сол кездегі шенеуніктің бүгінгі көзқарасы қандай? Бұл жолғы хабарда Орал оқиғасының аяғы…
Read More