Азаттық – 70

Сәбилерді жолда қалдырған. Қармақшыдан Гератқа ауған қазақтар

40 жылдай бұрын Халифа Алтайдың Азаттықтағы мақаласында Ауғанстан қазақтарының тарихы айтылады. Содан туындаған сұрақтарға орай Гератта туып өскен, қазір Данияда тұратын Қажи Акбар Аюбимен сұхбаттастық. Сұхбат Халифа Алтай ұсынған деректерді толықтырып, растай түседі.

Read More

Мәскеу тентіреткен қазақ әйелі. Ғасырдан асқан жылнама ғұмыры

2021 жылы жасы 105-тен асқанда Америкада қайтыс болған Әсия Сардарбекқызы бала кезінде советтік Қазақстаннан Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды. Совет-ауған соғысы кезінде ол Еуропаға, сосын Америкаға эмиграцияға кетті. Азаттық редакторы Дархан Өмірбек “Ауған апа” атанған Әсиямен 2018 жылы қалай кездескенін еске алады. Әсия Сардарбекқызы кім, оның ғұмыры неліктен назар аудартады?

Read More

Алматыдағы Қаңтар оқиғасы. Журналистердің бастан кешкені

Екі жыл бұрын дәл осы күндері Азаттық радиосының қызметкерлері Қаңтар оқиғасының ортасында жүрді. Асылхан Мамашұлы, Аян Қалмұрат және Санат Нұрбеков көрген Қаңтар оқиғасы қалай өрбіді?

Read More

Ауғанстанға кеткен қазақ әйелінің тағдыры және бүгінгі диаспора

Бала кезінде Қазақстаннан кеткен Әсия Салдарбекқызы совет-ауған соғысында тағы да көшуге мәжбүр болды. Ол басынан кешкендерін бұрын Азаттыққа әңгімелеп берген. Ауған қазақтарының қазіргі жағдайы қалай? Бұл туралы жақында Ауғанстаннан келген шығыстанушы Жомарт Жеңісұлымен сұхбатта айтамыз.

Read More

Таалайбек Ылайтегін. Желтоқсанда шеруді басуға қатысқаны үшін берілген марапаттан бас тартқан адам

1986 жылы Желтоқсан оқиғасын басып-жаншуға қатысып, кейін сол үшін берілген марапаттан бас тартқан Таалайбек Ылайтегін осы оқиға кезінде екіұдай күйге түскенін айтады. Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясына “Алаңға әскер енгізгендерді жазалау керек” деп арылу хатын жазған ол оқиғадан 37 жыл өткенде Азаттық радиосына сұхбат берді.

Read More

Эфирден кейінгі естелік. Жаңаөзен оқиғасы кезіндегі Азаттық

2011 жылғы 16 желтоқсанда Азаттық эфиріндегі күн тақырыбы Жаңаөзен оқиғасы болды. Сол кезде Маңғыстауда жұмыс істеген Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Қазис Тоғызбаевтың эфир сыртында бастан кешкені туралы “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында кеңірек айтылады. Оқиғаның алғашқы көрінісі, хабар алудың машақаты, кедергілерді еңсеру – сөз сол жайында.

Read More

Елеусіз тарих. Азаттық 40 жылдан аса қазақша латын әліпбиін қолданды

Азаттық радиосы ондаған жыл латын әліпбиімен жазды. Советтік Қазақстанды көрген адамдар “қадімше” латын әліпбиін пайдаланды. Кейінгі толқын латынның түркиялық нұсқасын жаңаша жазу ретінде қабылдады. Бұрын радиода қызмет атқарған, қазір Түркияда тұратын тарихшы Әбдіуақап Қара Азаттықтың латын тәжірибесі жайлы айтады.

Read More

Түркі әліппесі. “Латынға көшпеген Қазақстан мен Қырғызстан қалды”

Ортақ түрік алфавиті, латын әліппесі туралы бір ғасырға жуық айтылып келеді. Кейінгі кезде саяси мінбеден де естіле бастады. Бірақ не өзгерді, не шешілді? Не кедергі? 46 жыл бұрын жарық көрген түркі әліппесіне арналған кітап туралы Азаттық қандай хабар таратты? “Азаттық радиосына 70 жыл” аудиоподкасында осы жөнінде айтамыз.

Read More