1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері. Әкесі үшін сотталған Ескендір Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор. Ол өмірінің соңына қарай Азаттық радиосына сұхбат берген. “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында осы сұхбатқа шолу жасалады.