Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесінде Алматының бас алаңына жиналғандар Желтоқсан оқиғасынан гөрі тәуелсіздік пен президент Назарбаев туралы көбірек сөйлеп, құттықтау тілек білдірген. Ал президент өзі жоғары бағалаған жарлығын Азаттық радиосы қатаң сынаған. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды соттаған адамдарды жауапқа тарту жайы қаншама айтылғанымен, әлі күнге заңды түрде қозғалмаған күйі қала берді. Бұл туралы “Азаттық радиосы – 70 жыл” аудиоподкасының кезекті эпизодында айтамыз.