Азаттық – 70

Халифа Алтай көрген еркіндік пен қысым

Азаттықтың деректі хабарларына арналған “Азаттық толқынында” подкасында Халифа Алтайдың Кёльндегі қазақ диаспорасы қоғамы және Қазақстандағы діни ахуал туралы жазбаларына шолу жасаймыз.

Read More

Даулы оқиғадағы Дулат Исабеков

“Азаттық толқынында” подкасында жазушы, драматург Дулат Исабековтің азаматтық келбеті сипатталады. Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған кезде онымен оңаша кездескеннен кейін жазушы Азаттыққа берген жедел сұхбатында не айтты?

Read More

Кітабын компартия турап құртқан Шора Сарыбаев

“Азаттық толқынында” подкасында зерттеу кітабы баспадан шыға салып жойылған тілші ғалым Шора Сарыбаев жайында айтылады. Ғалым 1994 жылы Түркияда Азаттық радиосына сұхбат берген.

Read More

Камал Ормантаев: теңсіздікке төзбеу саясатқа әкелді

Азаттық радиосының деректі хабарларына арналған “Азаттық толқынында” подкасында бала дәрігері, ғалым, қоғам қайраткері Камал Ормантаевтың қоғамдағы қызметі мен саяси белсенділігі жайында айтылады. Ол 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Read More

Тәуелсіздікке санаулы ай қалғанда. “Тіліміз азат болғанымен, қол-аяғымыз байлаулы”

Азаттықтың деректі хабарларына арналған “Азаттық толқынында” подкасында діни ұйымдар басшыларының 1991 жылғы Германияға сапары туралы айтылады.

Read More

Тәуелсіздіктен кейінгі тұңғыш сайлау

“Азаттық толқынында” подкасында Камал Ормантаевтың Халықтық-демократиялық партия төрағасы кезінде радиоға берген сұхбатын талдап, Конституциялық сот таратқан он үшінші Жоғары кеңестің сайлауы алдындағы ахуал жайлы баяндаймыз.

Read More

Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция қалай қабылданды?

1993 жылғы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алғашқы Конституциясын қабылдады. Негізгі заң жобасы жарты жылдан аса талқыланды. Азаттық радиосы жобадағы негізгі мәселелер туралы репортаждар әзірлеген. “Азаттық толқынында” подкасында осы жайлы баяндаймыз.

Read More

Мұхтар Мағауин мұрасы. “Қазақ тарихының әліппесі” және тарихшы

Азаттықтың маңызды хабарларына арналған шолуда жазушы Мұхтар Мағауиннің “Қазақ тарихының әліппесі” кітабы, “Қан төгілді!..” мақаласы және Шәкерім мұрасы жайлы айтамыз. “Әліппе” туралы тарихшы Берекет Кәрібаев не дейді?

Read More

Желтоқсан оқиғасы туралы поэма қалай жазылды?

“Азаттық толқынында” подкасында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы “Зобалаң” поэмасы қалай жазылғаны туралы айтамыз. Жұмаш Кенебаевтың осы толғауы 1991 жылы Азаттық эфирінен радиоқойылым түрінде берілген. 2025 жылғы сұхбатында автор шығарманың шығу тарихын баяндады.

Read More

“Қазақстанға тағы бір диктатор келген сияқты”. 1990 жылғы сұхбат

Азаттықтың маңызды хабарларына арналған “Азаттық толқынында” подкасында бұл жолы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендер жайлы айтамыз. 1990 жылы Аманжол Нәлібаев 1986 жылғы оқиғада зорлық көргендер туралы сөз қозғаған. Ол сұхбатқа режиссер Қалдыбай Әбенов те қатысқан.

Read More