Азаттық – 70

Қазақтың тойы бренд пе, понт па? Пандемия тойды өзгертті ме? Той индустриясы бар ма?

“Бастаңғыда” қазақтың тойы жайлы әңгіме айттық. Пандемия тойды өзгерте алды ма, қазіргі той ысырапшыл ма, неге бейәдеп ойындар ұйымдастыратын асабалар көбейіп кетті, қазақтың тойы брендке айнала алды ма деген сұрақтарға жауап іздедік. Бұл сұрақтарды қонақтарымыз – тойды зерттеп жүрген антрополог ғалым Динара Әбділдә және асаба Болатбек Оразбаевпен бірге талқыладық.

Read More

“Назарбаев – ең бай адам”, “Қазақстанда жемқорлықты заңдастырып қойған”

“Бастаңғының” бұл жолғы тақырыбы – жемқорлық. Халықтың жемқорлыққа еті үйреніп кеткен бе, қалай Назарбаев және оның отбасы Қазақстанның ең бай адамдарына айналды, жемқорлыққа кедергі келтіретін қандай заңдар бар деген сұрақтарға жауап іздедік. Қонақтарымыз – зерттеуші Ғалымжан Оразымбет және журналист Мият Кәшібай.

Read More

Шетелге көшу, Еуропадағы дискриминация, экологиялық мигранттар

“Бастаңғыда” шетелге көшу тренд пе, әлде жай медиа шу ма деген тақырыпта әңгімелестік. Қонақтарымыз Нидерланд елінде тұратын урбанист Тина Байнақова мен Қазақстанда тұратын дизайнер Ілияс Жолдасбаймен бірге шетелге көшудің қыр-сырын талқыладық. Шетелге көшу оңай ма, шетелге кетіп жатқан қандай мамандар, Еуропа құшақ жая қарсы ала ма, әлде ол жақта да көшіп келгендерге қырын қарайтындар көп…

Read More

Әйел қорқынышы | Қазақ ЛГБТ-ға қарсы болған ба? | Қазақ мәдениетін алға жылжытқан зумерлер

“Бастаңғы” подкастының алғашқы шығарылымында жастардың эмиграциялық көңіл күйі жайлы, көзқарастары мен құндылықтары туралы, саясатқа неге араласқысы келмейтіні және даулы феминизм / ЛГБТ тақырыбы туралы талқылау болды. Подкасттың қонақтары – жас журналист Дастан Аққожа және болашақ мұғалім, студент Жанболат Сәбитов.

Read More