Азаттық – 70

Қытай мен Түркия арасындағы қазақ эмиграциясы

Дәлелхан Жаналтай мен Қажығұмар Шабданұлының тағдыры – қазақ эмиграциясындағы ерекшелік мысалы. Бірі Шығыс Түркістандағы коммунистер қысымын әшкерелеу үшін күресті, азаппен Түркияға жетті. Бірі Қазақстандағы Ашаршылықтан бас сауғалап барып, Шыңжаңда қалды. Кейін 40 жылдан аса Қытай түрмесінде отырды. Өле-өлгенше қатаң бақылауда болды.

Read More

Азапты көш. Гималай асқан қазақтар

Шығыс Түркістан қазақтарының Такла – Макан, Гоби, Тибет, Үндістан, Кашмир асып, Парсы шығанағымен Түркияға ауып барғанына 75 жылдан асты. Азаттық радиосы 1989 жылы осы үркін кезіндегі Қалибек көшінің 40 жылдығына орай тізбекті хабарлар әзірлеп, трагедияға толы күндер куәларын сөйлеткен.

Read More

Сотта да “батыр” аталған күрескер Оспан. Хасен һәм Жағданың айтқаны

Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, коммунистерге қарсы күрескен Оспан батыр Исламұлы 1951 жылы сәуірдің аяғында Үрімжіде көп алдында атылды. Оны көзі көрген Хасен Оралтай мен батырды тергеген Жағда Бабалықұлы Азаттыққа берген сұхбатында өздері куә болған оқиғаларды баяндайды.

Read More

“Демократиядан шегіну”. Назарбаев өкілетін созу қалай ерте сайлауға ұласты?

Қазақстанды ұзақ билеген Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1990 жылғы 24 сәуірде президент атанды. 2011 жылы көтерілген референдум бастамасын оппозиция “сапалы дамудан үміт үзу” деп бағаласа, Батыс “Назарбаевтың тарихи еңбегін жоққа шығаратын” қадам деп атады.

Read More

“Алаш маршының” Ескендір Хасанғалиев шырқаған нұсқасы

20 сәуір – Алаш шәһидтерінің күні. Азаттық радиосы Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін осы күні арнайы бағдарлама әзірлейтін. Бұл хабарымызда Азаттық радиосы материалдары жинақталған қордан табылған Әмина Нұғыманова және Ескендір Хасанғалиев орындаған Алашорда әскері маршы жөнінде айтамыз.

Read More

Су шаруашылығы. Қызылағаш апаты әсер етпеген сала

2010 жылғы Қызылағаш апатынан кейінгі су тасқыны, одан зардап шеккендер мен олардың проблемалары Азаттықта қалай қамтылды? Елде су апаты жыл сайын неге қайталана береді? Бұдан қандай қорытынды түюге болады? Осы және өзге сұрақтарға инженер-гидротехник Әмірхан Кеншімов жауап береді.

Read More

Зорлық, жанжал, қыз алып қашу. Тоқтамы қандай?

Қоғам қайраткері Хасен Оралтай 2001 жылы Азаттыққа сұхбатында әйелдің қоғамдағы орны және көп әйел алу туралы ойларын ортаға салған. Елде 2010 жылы тұрмыстық зорлықтан орта есеппен жылына 500 адам қаза табатыны есептелген.

Read More

Аралды құтқару Көкарал бөгетімен біткен жоқ

Әлемдегі төртінші көл деген даңқы дақпыртқа айналған Аралды сақтаудың жолы қандай? Сібір өзендерін Аралға неге бұрмады, жерасты суын неге пайдаланбады? Азаттық хабарларынан туындаған сұрақтарға бұрынғы су министрі Нариман Қыпшақбаев жауап береді.

Read More

Ұлыстың ұлы күні демократия лебімен жанданды

Сталин кезінде тыйым салынған Наурыз мерекесі Совет одағы ыдырар қарсаңда жаппай тойлана бастады. Азаттық радиосы бұдан 55 жыл және 35 жыл бұрын Ұлыстың ұлы күні жайлы хабарларында не нәрсеге назар аударған? Бұл туралы Наурыз мерекесін зерттеуші Серік Ерғали не дейді?

Read More

Семей полигоны жабыларда суицид саны артқан

Семей сынақ полигоны маңындағы халық арасында бейдауа дерт пен мезгілсіз өлім жиі болатыны жөнінде Азаттықта кейбір деректер сақталған. Оны жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі құжаттарымен салыстырып көрдік. Алғашқы және соңғы ядролық сынақ кезінде дерт пен диагноз қалай өзгерген? Деректер не дейді?

Read More