Азаттық – 70

Егемендік эйфориясы. Журналистер де Назарбаевты қолдап кетті

Советтік Қазақстандағы соңғы журналистер құрылтайында президент лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлауды қолдаған үндеу қабылданды. Жиын кезіндегі қоғамдық ахуал қандай еді? Сол құрылтайға қатысқан Қайнар Олжайдың бүгінгі көзқарасы қандай?

Read More

Қуғыннан көз ашпаған “Алаш” партиясы

1990 жылы Алматы мен Киевтегі митингілердің соңы не болды? Совет үкіметі тіркеуден бас тартқан “Алаш” партиясының мүшелері Азаттыққа берген сұхбатында өз тұжырым, жоспары, жастар белсенділігі және биліктің қысым тәсілдері жайлы айтады.

Read More

“Қазақстан тәуелсіз болуы керек!”. “Алаш” партиясының талабы

1990 жылғы 15 қазанда Қазақ ССР парламенті алдында аштық жариялаған “Алаш” партиясы белсенділері Азаттықа берген сұхбатта жаңарған одақтық шартқа қарсы болып, билікті тәуелсіздік алуға үндегенін және егемендік декларациясын неге құптамайтынын айтқан.

Read More

Назарбаевқа керек заң Тәуелсіздік декларациясынан екі ай бұрын қабылданды

1991 жылғы 16 қазанда “Қазақ ССР президентін сайлау туралы” заң қабылданды. Билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға жалғыз кандидат болып тіркелді және биліктің кей тармағының басшысын ауыстырды. Қызу айтыс-тартыс тудырған заң қалай қабылданған еді?

Read More

Компартия мен демократия. Жолайрықтағы Жәнібеков

1990 жылы билік басылымында жарияланған Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің мақаласына Азаттық радиосы шолу жасаған. Онда не айтылған еді?

Read More

Горбачев пен Назарбаевқа хат. Алашорданың мүлкі қайда?

1990 жылы қазақстандық бірнеше қоғам белсендісі совет үкіметінен Алашорданың мүлік-мүкәмалын қайтаруды талап етіп, Мәскеу мен Қазақстандағы компартия басшылығына хат жазған. Оған қол қойғандардың бірі – “Азат” қозғалысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатай Азаттыққа сұхбат берген еді.

Read More

Баспанасыздардың бас көтеруі. Бос тұрған үйлерді басып алғандар туралы репортаж

Совет одағының соңғы жылында Алматыда бас көтерген баспанасыздар өз талап-мұңы мен биліктің зомбылығы жайында айтады. 1990 жылы күзде бос тұрған жатақхана мен есептен шыққан үйлерді басып алған соң милиция оларға аяусыз күш қолданып, қуып шыққан.

Read More

Жәнібеков айыптаған, Нұрқаділов алаңдаған “митингілік демократия”

Белсенділер Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттыққа берген сұхбатында қоғамдық ұйымдар жұмысын талқылаған. Сол кездегі шенеуніктер Өзбекәлі Жәнібековтің баяндамасы мен Заманбек Нұрқаділовтің мақаласында бұл жайлы не айтылған?

Read More

Нұрқаділов Өзбекәлі Жәнібековті райынан қайтарды ма?

Бұл – “Азаттық-70” подкасының жалғасы “Азаттық толқынында”. Мұнда Азаттық эфирінде әр жылдары берілген, радио қорында сақталған маңызды хабарларға, айтулы оқиғаларға шолу жасалады. Бірінші эпизодта Қазақстан тәуелсіздігіне бір жыл қалғандағы қоғам өмірі баяндалған сұхбатқа шолу жасаймыз.

Read More