Азаттық – 70

Азаттық радиосына алғыс айтылған кеш. Алматы бюросы қалай ашылды?

1993 жылы Азаттық радиосына 40 жыл толған кезде радионың Алматы бюросы ашылды. Бүгінгі хабарда осы жөнінде айтып, “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасын осы эпизодпен аяқтамақпыз. Подкаст алдағы уақытта басқа атаумен одан әрі жалғасады.

Read More

“Совет кезінде Қазақстан шикізаты нарық құнымен бағаланбады”

1967 жылы Парижде шыққан кітапта СССР экономикасы талданып, ондағы Қазақстанның орны туралы жазылды. Совет экономикасына шолу жасаған тағы бір хабарында Азаттық одақтың астық импортына тәуелді екенін айтқан. Бүгінгі экономистер не дейді?

Read More

Шаңырақ оқиғасы. Тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы қақтығыс

Заңсыз берілген жер, заңсыз құрылыстан соң мәселені мәмілемен шешу талпынысы нәтиже бермеді. Бұл – наразылыққа, наразылық қақтығысқа ұласты. Ақырында бір полицейдің өлімімен аяқталған оқиға ел тәуелсіздігінен кейінгі алғашқы қақтығыс ретінде белгілі. Билік мәселені күшпен шешпек болды. Даулы жер телімдері кейін заңдастырылды. Бұл жайлы сол кезде Азаттықтың Алматы бюросын басқарған Кенжебек Нұрқасенұлы және оқиға ортасынан хабар…

Read More

АҚШ ғалымының қазақтар туралы “буржуазиялық еңбегі”

Қуғын-сүргін тұсында Алматыға келіп қайтқан америкалық ғалым Альфред Хадсонның еңбегіне Азаттық 1972 жылы шолу жасаған. Медиа-зерттеуші Рахима Нұриден мен тарихшы Мақсат Алпысбес монографияның маңызы жайында айтады.

Read More

Қудалаудан ақтауға дейін. Мағжан ақынның бір ғасыры

31 жыл бұрын қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық мерейтойы қалай атап өтілген еді? Мағжанның сол кезде көзі тірі туыстарының естеліктері, ақын поэмасы желісімен түсірілген “Батыр Баян” фильмінің әсері – осы подкаста толығырақ айтылады.

Read More

Мұстафаның үндеуі қазақ баспасөзіне қалай жетті?

Совет режиміне қарсы ашық күрескен қайраткер Мұстафа Шоқайдың үндеуі 55 жылдан соң алғаш Қазақ радиосынан берілгені сенсация болды. Бұл жайында Қазақ радиосында істеген Иманбай Жұбай әңгімелейді. Қайраткер туралы Ресейдегі құжатта не айтылған, Түркістан бірлігі идеясының бүгінгі сарыны қандай?

Read More

“Сол кеткеннен жоқ…” Мұстафа Шоқай туыстарының тағдыры

Мұстафа Шоқайдың 1936 жылы Еуропада Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзі Азаттық радиосынан кейін, 1991 жылы Қазақ радиосынан алғаш рет беріледі. Сол кезде Азаттық Қазақ радиосының “Ұшқын” жастар бағдарламасын әзірлеуші Иманбай Жұбайдан және қайраткердің жиені Серікбай Шермаханнан сұхбат алған. 33 жылдан соң Серікбай Шермаханға тағы хабарластық.

Read More

Азаттық эфирінен басталған “Қазақ тарихының әліппесі”

Азаттық эфиріндегі жазушы Мұхтар Мағауиннің дәрісі қалай кітапқа айналды? Сол тізбекті хабардың бірінде жазушы ноғай халқы туралы әңгімелейді. Ал ноғай белсендісі қазақстандық басылымға жазған хатында өз алаңдауын жеткізеді.

Read More

31 мамыр. “Жарты халқымызды жоқтау”

31 мамырды қалай атап өткен жөн? 1992 жылы жазушы Смағұл Елубай неге ашық хат жазды? Қазір өзі не дейді? Қуғын-сүргін құрбаны, саяси диссидент Арон Атабек ат салысқан “Арыс” қоры бүгінде неге қол жеткізді?

Read More

Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапары Мәскеуден басталды

1992 жылы мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу арқылы Вашингтонға алғаш ресми сапармен барып қайтты. “Шеврон” компаниясымен келісімге келіп, ядролық қарудан бас тартудың алғашқы шарттары айқындалды. Қазақстан мен Американың арасы кейін неге суыды? Ол туралы бір кездегі сыртқы істер министрі, қазіргі президент не дейді?

Read More