Азаттық – 70

Аралды құтқару Көкарал бөгетімен біткен жоқ

Әлемдегі төртінші көл деген даңқы дақпыртқа айналған Аралды сақтаудың жолы қандай? Сібір өзендерін Аралға неге бұрмады, жерасты суын неге пайдаланбады? Азаттық хабарларынан туындаған сұрақтарға бұрынғы су министрі Нариман Қыпшақбаев жауап береді.

Read More

Ұлыстың ұлы күні демократия лебімен жанданды

Сталин кезінде тыйым салынған Наурыз мерекесі Совет одағы ыдырар қарсаңда жаппай тойлана бастады. Азаттық радиосы бұдан 55 жыл және 35 жыл бұрын Ұлыстың ұлы күні жайлы хабарларында не нәрсеге назар аударған? Бұл туралы Наурыз мерекесін зерттеуші Серік Ерғали не дейді?

Read More

Семей полигоны жабыларда суицид саны артқан

Семей сынақ полигоны маңындағы халық арасында бейдауа дерт пен мезгілсіз өлім жиі болатыны жөнінде Азаттықта кейбір деректер сақталған. Оны жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі құжаттарымен салыстырып көрдік. Алғашқы және соңғы ядролық сынақ кезінде дерт пен диагноз қалай өзгерген? Деректер не дейді?

Read More

Мәскеудің қаулысы, Назарбаевтың жарлығы. Семей полигонын жапқан кім?

Қазақстанда алғашында Нобель сыйлығына Нұрсұлтан Назарбаев емес, “Невада – Семей” қозғалысы ұсынылған. Биыл қозғалыстың құрылғанына 35 жыл толды. 35 жылда Семей полигоны маңындағы адамдардың өмірі аса өзгермеді. Нобель сыйлығына ұсынылды деген қозғалыстың қоғамдағы орыны қандай болды?

Read More

БҰҰ-ға мүше Қазақстан. 30 жылдан кейін де өзекті тіл мәселесі

1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Ұйымға мүше мемлекет саны 168-ге жетті. Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова бұл жөнінде не жазған? Ел тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы қоғамға қандай әсер қалдырды? Бұл туралы Хасен Оралтай Азаттыққа берген сұхбатында айтқан.

Read More

Совет-ауған соғысы кезіндегі Герат қазақтары

45 жылдай бұрын Ауғанстанға совет әскерінің “шектеулі” контингенті енгізілуі оған қарсы соғыстың тұтануына себеп болды. 10 жылдан соң Совет әскері шығарылғанда Ауғанстанда азамат соғысы басталды. Бұл туралы ауғандықтар не дейді, ауған қазақтары белсендісінің пікірі қандай? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтылады.

Read More

Ауған соғысындағы советтік “мұсылман ротасы”

2024 жылғы 15 ақпанда Ауғанстаннан совет әскері шығарылғанына 35 жыл толды. Азаттық радиосы соғыс кезінде осы елде адам құқығы аяқасты болып, елдегі жағдайдың шиеленіскенін хабарлап отырған. Сонда туындаған сұрақтарға бүгінгі эпизодта, ауған соғысына қатысқан тарихшы Болат Сайлан жауап береді.

Read More

Тәуелсіздіктен кейін Назарбаев Азаттыққа сұхбатында не деді?

Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланғаннан соң ресми баспасөзден бұрын Азаттық радиосы мен басқа да бірқатар шетелдік басылымға сұхбат берді. Ол Азаттыққа, кейін ресми басылымға берген сұхбаттарында не айтты? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бұл эпизодында осы туралы айтамыз.

Read More

100 жыл бұрын. Қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы

Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайын Азаттық қызметкері Дәулет Тағыберлі 1957 жылы тағы да еске салды. Бүгінгі тіл біліміне негіз қалаған алқалы жиында не қаралды? Оның күн тәртібіне Әлихан Бөкейханов төтеннен енгізген мәселе қандай? Мұны Азаттыққа академик Шерубай Құрманбайұлы түсіндіріп берді.

Read More

Алашорда үшін айыпталған әкелі-балалы Тынышбаевтар

1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері. Әкесі үшін сотталған Ескендір Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор. Ол өмірінің соңына қарай Азаттық радиосына сұхбат берген. “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында осы сұхбатқа шолу жасалады.

Read More