2011 жылғы 16 желтоқсанда Азаттық эфиріндегі күн тақырыбы Жаңаөзен оқиғасы болды. Сол кезде Маңғыстауда жұмыс істеген Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Қазис Тоғызбаевтың эфир сыртында бастан кешкені туралы “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында кеңірек айтылады. Оқиғаның алғашқы көрінісі, хабар алудың машақаты, кедергілерді еңсеру – сөз сол жайында.