Азаттық – 70
Тәуелсіздіктен кейін тәуелділік. Назарбаевтың бір жылы – шілде 08, 2023
Қазақстанды ұзақ басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы сайлаудан кейінгі қадамдары, тәуелсіздігін кеш жариялаған Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы алғашқы бағыт-бағдар, ядролық қару мәселесінің шешілмеуі, Назарбаевтың Вашингтоннан қайтар жолда Мәскеуге соғуы – “Азаттық радиосына – 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизоды осыған арналады.
Read MoreАлғашқы жалпықхалықтық сайлауға жалғыз түскен Назарбаевтың Азаттыққа сұхбаты – шілде 01, 2023
Қазақстан тәуелсіздігін жарияламас бұрын Азаттыққа берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев не деді? Алғашқы жалпыхалықтық сайлау қарсаңында елдегі саяси ахуал қандай еді? Президенттікке кімдерді ұсынды? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында осы жөнінде әңгімелейміз.
Read MoreНазарбаевтың Қонаевты кінәлаған сұхбатын басқан журналды кітапханалардан жойғызған кім? – маусым 24, 2023
Желтоқсан оқиғасынан кейін мәскеулік басылымға сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхаммед Қонаевқа неге қатты шүйлікті? Сұхбатты жариялаған журнал кейін Қазақстан кітапханаларынан неге жоғалып кетті? “Азаттық радиосы – 70 жыл” подкасында бұл жолы осы сұрақтарға жауап іздедік.
Read MoreМұстафаның дауысын сақтаған Уәли Қаюм-Хан сұхбатында не айтты? – маусым 17, 2023
Азаттық радиосы Мұстафа Шоқай туралы совет пропагандасына қалай қарсы тұрды? Шоқайды “өлтіртті” деген түркістаншы Уәли Қаюм-Хан Азаттыққа ол жайлы не деді? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының кезекті эпизодында радионың бұрынғы қызметкерлері осы туралы еске алды. Уәли Қаюм-Хан Мұстафаның жаназасына қатысқан жалғыз түркістандық екенін айтқан.
Read MoreМұстафа Шоқайдың үні Қазақстанға Азаттық радиосы арқылы жетті – маусым 10, 2023
Азаттық Мұстафа Шоқайдың дауысын эфирден қазақ аудиториясына таратып, Қазақстанға да алғаш жеткізген. Радиода сақталған Мұстафа жайлы деректерде не айтылған? “Азаттық радиосы – 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.
Read MoreАшаршылықтың 60 жылдығы. Назарбаев бармай қалған шара – маусым 03, 2023
Ашаршылыққа 60 жыл толған күннің ертесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайланғанына алты ай болған еді. Бұл 1992 жылғы 31 мамыр болатын. Бірақ Ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына Назарбаев қатыспады. Подкастың бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.
Read More“Аннексия” және “тарихты бұрмалау”. Қазақ ССР-і Ресейге қосылғанының мерейтойын тойлап жатқанда, Азаттық “бодандық” туралы айтты – мамыр 27, 2023
Қазақстанда “Ресейге өз еркімен қосылудың 250 жылдығы” тойланғанда, Азаттық Ресей аннексиясы туралы сөз қозғады. Азаттық 1981-83 жылдары Қазақстанның Ресей бодандығына өтуі туралы тізбекті хабарларды жиі берген. Онда тарих бұрмаланғаны, коммунистік идеологияға бейімделіп өтірік жазылғаны айтылды.
Read More“Жеңіс емес, Аза күні”. Мерекенің мәні және эфирде оқылған Шоқай туралы өлең – мамыр 13, 2023
“9 мамыр – Құран көтеріп, дұға оқитын күн. Ал соғыстағы боздақтардың өліміне тек фашистік Германия ғана емес, совет генералдары да кінәлі”. 90-жылдары Азаттық Екінші дүниежүзілік соғысқа осындай баға беріп, “Түркістан легионы” ақындарының өлеңдерін жариялаған. Бұл эпизодта осы туралы айтамыз.
Read MoreХасен Оралтай және Алашорда идеясы – мамыр 06, 2023
Хасен Оралтайдың Алашорда идеясын зерттеуі және советтік Қазақстанда қазақша басатын жазу машинкасының тапшылығы туралы «Азаттық радиосына 70 жыл» аудиоподкасының бүгінгі эпизодынан бірге тыңдайық.
Read More