Азаттық радиосы ондаған жыл латын әліпбиімен жазды. Советтік Қазақстанды көрген адамдар “қадімше” латын әліпбиін пайдаланды. Кейінгі толқын латынның түркиялық нұсқасын жаңаша жазу ретінде қабылдады. Бұрын радиода қызмет атқарған, қазір Түркияда тұратын тарихшы Әбдіуақап Қара Азаттықтың латын тәжірибесі жайлы айтады.