Жұлдыз Төлеу қаңтар трагедиясы, жоғалған буын, ұжымдық травма мен бейсана туралы

OY-DETOX-тің биылғы бірнеше эпизоды Қаңтар оқиғасына арналады. Екінші эпизодтың қонағы психоаналитик Жұлдыз Төлеу.

Жұлдыз психоанализге 10 жыл бұрын Жаңаөзен оқиғасынан кейін аяқ басқан журналист. Осы тұрғыдан Қаңтар оқиғасы, ұжымдық травма, жеке және қоғамдық реабилитация туралы Жұлдызбен сөйлесу мен үшін маңызды әрі қызықты болды. Біз Қаңтар трагедиясындағы қоғамдық бейсананың рөлі, қоғамдық жан-жараны жазу жолдары мен шындықтың бағасы туралы сөйлестік.

Таймкодтар:

00:00 – кіріспе, қонақты таныстыру

01:01 – Жұлдыз Төлеудің журналистикадан психоаналитикаға кету себебі, Жаңаөзен оқиғасы, жеке травма туралы

06:02 – Жаңаөзен оқиғасы, Қаңтар трагедиясы, шындықтың бағасы, жан-жара туралы

11:30 – ұлттық жады, қатені мойындау, Германия мысалы мен қоғамдық сана туралы

15:00 – қоғамдық инфантилизм, жоғалған буын мен ұжымдық бейсана туралы

20:18 – қоғамдық терапия, қоғамдық жара, қайғы мен депрессия туралы

24:40 – хаос, азаптау мен жануарлық инстинкт туралы

27:45 – өзіңе психологиялық тұрғыда көмектесудің алғышарттары туралы

30:23 – «Жусан иісі» деректі фильмі, Сирияға кеткен жастар мен дін туралы

33:47 – кәсіби психологты табу маңыздылығы туралы

35:27 – қоғамдық жараны жеңу мүмкіндігі туралы

Эпизодты өздеріңізге ыңғайлы кез келген подкаст тыңдауға арналған платформадан тыңдай аласыздар.

OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі.