Динара Қойшығұлова тіл үйренуде ми мен ортаның әсері туралы

OY-DETOX-тің үшінші эпизоды тіл мәселесіне арналады. Бұл тақырып аясында ой қозғауға маған лингвист, шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүрген педагог, “Бес минуттық қазақ тілі”, “Ал, енді сөйлесейік! Қазақ тілінде күнделікті қолданылатын 130 диалог” оқу құралдарының авторы Динара Қойшығұлова көмектеседі. Біз Динарамен қазақ тілінің таралу қарқыны, тіл үйренудің әдіс-тәсілдері, тілге деген сұраныс пен мотивация қалыптастырудың жолдары туралы сөйлестік.

Динараның инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/dinara_meiramqyzy/?hl=ru

Тайм-кодтар:

01:00 – кіріспе, қонақпен және тақырыппен таныстыру

02:15 – “Бес минуттық қазақ тілі” оқу құралы, кітаптағы әдіс-тәсілдерді түрік және ағылшын тілін үйренуде қолдану мүмкіндіктері

04:35 – қазақ тілінің даму әрі таралу қарқыны, Фридрих Эберт қорының 2020 жылғы “Ценности казахстанского общества в социологическом измерении” атты зерттеуі (https://gcedclearinghouse.org/sites/default/files/resources/200125rus.pdf )

08:07 – қазақ тілінің шетелдіктерге үйретудің бүгінгі методологиясы туралы

11:55 – американдықтардың тілді меңгеру тәсілдері

14:58 – Динараның студенті Эмили Джойдың тіл игерудегі жеке мысалы

17:00 – Дидро эффектісі туралы

20:00 – шетелдіктерге қазақ тілін оқыту жолының басталуы, “Лингвистика қазақ тілі” факультеті және тәуекелге барудың артықшылығы туралы

28:15 – қазақ тілін оқып жүрген шетелдіктердің тіл үйрену себептері туралы пікірі

34:43 – қазақ тіліне келгендегі қоғамдағы агрессия

39:33 – кез келген тілді үйреніп/үйренгісі келіп жүргендерге Динараның кеңестері, Татьяна Черниговскаяның видеолары мен әдістері