OY-DETOX-та көптен күткен қонақ – Мақпал Жұмабай, ақын, әнші, журналист, медиа әрі өнер менеджері. Біз Мақпалмен оның кезекті жобасы – Jauhar Live жобасының тұсаукесерінен кейін кездесіп, соңғы он жыл таныстығымыз уақытында Мақпалдың жүріп өткен жолын еске түсіріп, бірқатар жырларын еске алдық.
Біз Мақпалдың жобалары (”Мақпал шер”, Ozge Epic кеңістігі, Жаңғырық, AYA), бүгінгі таңда өнер адамының ахуалы, аудиториямен қатар өсудің маңыздылығы, шығармашылық ізденіс, күмән мен сенім және отбасының қолдауы туралы сөйлестік.
Эпизодта “Бір анық”, “Тасбұлақ”, “Ана” жырлары айтылады. Оларды OY-DETOX-тің Телеграм арнасында таба аласыздар.
Тайм-кодтар:
00:00 – эпизодқа кіріспе, танысу, “Бір анық” жыры
03:12 – Мақпал шер, кофеханалардағы камерлық кездесулер, аудиторияның қалыптасуы туралы
08:11 – жаңа форматтар, топтың қалыптасуы, Live-концерттер мен жаңа коллаборациялар туралы
12:04 – адамның қалыптасуында отбасының рөлі, ананың сенімі мен қолдауының маңыздылығы туралы
23:10 – жастарға қолдау көрсету туралы
25:32 “Тасбұлақ” жыры
27:55 – өнердегі және мамандықтағы әмбебаптылық туралы
33:40 – Алматы-Лондон, рухани тоқырау, ізденіс пен жаңа көкжиектерді бағындырудың маңыздылығы туралы
38:18 – әлемдегі Димаш феномені туралы
47:38 – краудфандинг туралы
49:58 – отбасы мен бауырларының қолдауы туралы
58:45 – өнер адамының портреті туралы
1:07 – қорытынды сөз
1:08 – “Ана” жыры
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаңызда бағалап, эпизод туралы пікір қалдырып кетулеріңізді сұраймын. Бұл – менің подкастымның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Қолдауларыңызға рахмет!