10 желтоқсан – халықаралық Адам құқығы күні. Осы күнге орай, адам құқығы, феминизм және әйелдер маршы туралы Girls Talk ұйымдастыру көптен жүрген ойым болатын. Сол ойымды жүзеге асыруға Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Утегенова көмектесті.
Біз патриархалды қоғам құндылықтары, «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ әндері мен мақал-мәтелдеріндегі гендерлік саясат, зорлық-зомбылық түрлері, әлем ғалымдары консенсусқа келе алмай келе жатқан үш тақырып және өзге де келелі мәселелер туралы сөйлестік. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, әдемі әңгімеміздің куәсі болыңыздар. Сондай-ақ осы тақырыптар аясында өз пікірлеріңізбен де бөлісуді ұмытпаңыздар!
Эпизод таймкодтары:
00:00 – эпизодқа кіріспе, қонақтарды таныстыру
01:38 – «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ қыздары мен қазақилық, феминизм мен белсенділік трендтері, негативке иммунитет туралы
04:18 – ортаның, отбасының қалыптасуымызға әсері туралы
09:11 – белсенді активизм, Imposter синдромы (синдром самозванца), статус кво, ішкі күмән мен қорқыныш туралы
13:50 – феминизм дегеніміз не? Неге біз феминизмнен қорқамыз?
22:05 – қазақ әндеріндегі гендерлік саясат туралы
23:05 – ұл мен қыздың білім алу деңгейі, білімге қатысты статистика, армия мен көшбасшылық қызметтер туралы
27:52 – экономикалық зорлық-зомбылық, қаржылық тәуелсіздік, төленбейтін еңбек ақы, эмпатия, борыш пен міндет түсінігі туралы
36:29 – Victim Blaming, тұрмыстық зорлық-зомбылық, дағдарыс орталықтары туралы
38:56 – Европадағы зорлық-зомбылыққа қатысты эсперимент
39:47 – ажырсудан қоғамдағы қорқыныш, ұят туралы
44:04 – әлемде ғалымдар арасында консенсусқа келуге қиын үш тақырып туралы
44:56 – 2020 жылғы 8-наурызда өткен әйелдер маршы туралы
55:36 – Айгерім & Мөлдірдің OY-DETOX тыңдармандарына тілектері
Эпизод барысында Лейла Махмұдовп, Молдияр Ергебеков, Жамиля Қасымхан, Фариза Оспан, Арина Осиновскаяның аттары аталады.
Shyndyq podcastының Айгерим Құсайынқызымен гендер және феминизм туралы эпизоды https://apple.co/3lLsrCp
OY-DETOX-тің Молдияр Ергебековпен болған эпизоды https://apple.co/3oywPXl