Марат Мамай: Коронавирус жұқтырған адамдардың қатары күннен күнге арта түседі

Бүгін медицина қызметкерлерінің күнімен тұспа тұс келген Oy-detox-тің 11-эпизоды коронавирус тақырыбына арналады. Түсінемін, бұл тақырыптан басым бөлігіміз шаршап та үлгердік, әрі арамызда оған мүлде сенбейтін адамдар да бар. Не керек, осы коронавирус тақырыбына қатысты мені және менің айналамдағы адамдарды мазалайтын сұрақтарға жауапты өзім тауып көруге тырыстым және олардың бәрін менің қонағым, медицина саласының сарапшысы Марат Мамайға қойдым.

Біз Маратпен:

✅ Коронавирустың бар жоғын

✅ Медицина қызметкерлерінің бүгінгі жағдайын

✅ Мемлекеттің осы күрестегі рөлі мен халық сенімсіздігінің алғышарттарын

✅ Симптомды және симптомсыз деп бөлінудің себептерін

✅ ауырған жағдайға не істеу керектігін талқыладық.

Тайм-кодтар:

‪00:01 – кіріспе, қонақ Марат Мамаймен таныстыру‬ ‪

01:20 – коронавирустың бар-жоғын талқылау, демоскоп бюросы халықтың осы вирусқа деген көзқарасын анықтау үшін өткізген сауалнамасының нәтижесі туралы‬ ‪

02:15 – халық пен билік арасындағы сенімділіктің деңгейі туралы‬ ‪

02:55 – елімізде төтенше жағдай кезіндегі шектеу шараларының өткізілу деңгейі туралы‬

‪06:23 – денсаулық сақтау саласы мен медицина қызметкерлерінің бүгінгі ахуалы‬

‪07:51 – карантин кезінде медицина қызметкерлеріне көрсетілетін көмектің мөлшері туралы‬ ‪

09:33 – жалпы вирустың табиғаты туралы‬

‪13:15 – коронавирустың симптомды және симптомсыз белгілері туралы‬ ‪

17:47 – қандай жағдайда дәрігерге хабарласу керек‬ ‪

20:05 – медицина қызметкерлерін жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету жобасы туралы‬

25:25 – ауруханалардың вирусқа шалдыққан адамдардың легін қабылдауға дайындығы қандай?

30:48 – вирусқа сенбейтін адамдармен күресу жолдары туралы

33:33 – тыңдармандарға тілек

34:50 – Мараттың ой-детоксы

Коронавирус туралы шынайы ақпаратты қайдан алуға болады: Coronavirus2020.kz – https://t.me/coronavirus2020_kz

Бірге тексерейік – https://t.me/birgeteksereik

Информационная поддержка врачей – https://t.me/medsupportkz

Рационально о коронавирусе – https://t.me/coronavirus_facts

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.