Шалқар Нұрсейітов саясаттану ғылымы, саяси режим және саясатқа әсер ету жолдары туралы

OY-DETOX-тің екінші маусымының алғашқы эпизоды саясат мәселесіне арналады. Осы тақырыптың қыр-сырын зерделеуге маған саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов көмектеседі. Біз Шалқар екеуіміз еліміздегі саясаттану ғылымының бүгінгі күндегі ахуалы, саяси режим, азаматтық қоғам мен саясатқа әсер ету жолдары туралы әңгімелестік.

Бұл саясатқа мүлде қызықпайтын адамдар үшін де пайдалы әңгіме болды деп сенемін, сондықтан міндетті түрде бізді тыңдаңыздар! Естеріңізде болсын, “сіз саясатпен айналыспасаңыз да, саясат сізбен айналысуы мүмкін” 😉

Шалқар Нұрсейітовтың Фэйсбуктағы парақшасы – https://www.facebook.com/shalkar.nurseitov

OY-DETOX-тің телеграмдағы парақшасы – https://t.me/oydetox

Тайм-кодтар:

00:00 – кіріспе, қонақты әрі тақырыпты таныстыру

01:40 – саясаттанушы деген кім және ол қандай мәселелермен айналысады

03:37 – саясаттану vs саясаткер, саясаттану ғылымының еліміздегі бүгінгі жағдайы туралы

06:43 – мамандыққа сұраныс деңгейі, саяси режимнің мамандықтың дамуына әсері туралы

11:15 – Қазақстанда саясаттану ғылымының бастау алу жылдары

12:05 – АҚШ-тағы магистратура, жаңа ұстаным мен көзқарас, мамандыққа адалдық, АҚШ-тағы 2016 ж сайлау туралы

18:57 – саясатқа әсер ету жолдары, сайлау, авторитарлық режим, әлеуметтік желілер, тәуелсіз журналистика мен ҮЕҰ туралы

25:08 – азаматтық қоғам мен оның негізгі қызметі туралы

30:42 – саяси белсенділіктің, митинг пен протест санының артуы (нақты статистика), әлеуметтік жағдай, адам құқықтары, жер дауы мен көпбалалы аналардың белсенділігі туралы

35:21 – адам құқықтары мен әлеуметтік себептерге байланысты протестер, саяси талаптар мен биліктің жауабы туралы

38:27 – көрші елдердегі жағдай, елдегі саяси мәселелерге басым халықтың реакциясы, қорқыныш, қауіпсіздік және жауапкершілік туралы

41:28 – әйелдердің саясаттағы рөлі, феминистік бастамалар, көпбалалы аналар активизмі және жаңа трендтер туралы

46:45 – кетлинг, ҮЕҰ-ға қысым, имидж, президенттің “Еститін мемлекет” концепциясы туралы

48:50 – саясаттанушыдан саясаткерге дейінгі жол, этика, пандиттер, жаңа буын саясаттанушылар туралы

Подкаст барысында Бэлла Орынбеттің Qazaqsha Podcast подкастының Шалқармен болған эпизоды, Досым Сатпаев пен Данияр Қосназаровтың есімдері аталады.

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.