OY-DETOX-тің оныншы эпизодының қонағы – танымал психолог, психоаналитик, психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова. Әлі есімде, Анна ханымды ең алғаш осыдан 18 жылдай бұрын танымал болған “Ақжүніс” бағдарламасында көрген болатынмын. Ол кезде мектеп оқушысымын. Шашы қысқа, сары түске боялған, түр әлпеті де, сөйлеген сөзі де ерекше, тың болып көрінген Анна ханымды осы бағдарламадан іздеп көретінім есімде. Кейіннен жұмыс бабымен Анна Құдияровамен танысып, біраз жобаларды атқардық. Сондықтан болар, қазіргідей эмоционалдық тұрғыда оңай емес уақытта кіммен сөйлесемін деп ойлағанда, таңдауым бірден психология мен психоанализ саласында жұмыс тәжірибесі зор Анна ханымға түсті. Біз:
- психология мен психоанализдің ерекшелігі;
- психологқа жүгінудің алғышарттары;
- жақыныңа көмектесу және оны психологқа баруға итермелеудің қажеттілігі;
- өз писхологыңды табу жолдары туралы сөйлесіп, инстаграмдағы достарымнан келіп түскен бірқатар сұрақтарға жауап бердік.
Біздің әңгімемізді тыңдап, кері байланыстарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар! Бұл мен үшін өте маңызды!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.