Зауреш Батталова: Бүгінде оппозиция жаман сөзге айналып барады

OY-DETOX-тің 12-ші эпизодының қонағы – еліміздің саяси аренасында өзіндік орны бар тұлға, экс-сенатор, бүгінгі таңда белсенді құқық қорғаушы, Қазақстанда парламеншілдікті дамыту қорының директоры Батталова Зауреш Қабылбековна. Біз 12 тамызда елімізде өтетін Сенат сайлауы қарсаңында Зәуреш Қабылбековнамен оның бастауыш мектебінің мұғалімінен Сенат депутаты, одан қалса оппозицияның белді мүшесіне дейінгі қызмет жолын еске түсіріп,

✅ мәслихат және сенат депутаттарының қызметтеріндегі айырмашылық;

✅ кез келген қоғамдық мәселеге деген депутаттар үнсіздігінің себебі;

✅ «Оян Қазақстан», «Республика» сынды қозғалыстардың бүгінгі таңдағы әлеуеті мен қоғам өміріндегі рөлі;

✅ Саяси партиялар туралы жаңа заңдағы өзгерістер;

✅ бүгінгі таңдағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі туралы талқыладық.

Сондай-ақ, эпизодымызға қонақ ретінде тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын Sailau -2020 жобасының белсенді мүшесі Дастан Аққожа келіп, кез келген сайлаудағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі, жалпы жоба туралы ақпаратпен бөлісті.

Тайм-кодтар:

00.00 – кіріспе, қонақпен таныстыру

00.48 – Зауреш Қабылбековна Батталованың саясатқа келу жолы

03:40 – Мәслихат депутаттарының атқаратын қызметі туралы және ол қызметке қанша ақы төленеді

05:10 – Сенат депутаты атану үшін не істеу керек?

05:38 – Ғалымжан Жақиянов туралы

09:45 – Мәжіліс депутаты мен Сенат депутатының айырмашылығы қандай? Олардың атқаратын қызметтері туралы

13:45 – Сенат депутаттары кімнің алдында есеп беретіндігі туралы

16:29 – 1999 жылы өткен Мәжіліс депутаттарының сайлауына түскен партиялар арасындағы бәсекелестік туралы

17:15 – Қазақстан Демократиялық таңдауы (2005) партиясының құрылуы және «Асар» партиясы туралы

17:54 – Зауреш Батталованың оппозицияға келу тарихы туралы

19:00 – Қазақстан Демократиялық таңдауы партиясының қуғынға ұшырауы

20:17 – Вадим Борейконың «Котелок» кітабында сипатталған жағдай туралы

22:05 – ОСДП партиясының құрылуы және оған мүшелік туралы

23:55 – партия халықтың сеніміне ие болуы үшін не істеуі керек? Біз қандай партияларға зәруміз?

27:27 – «Оян Қазақстан», «Республика» қозғалыстарының бүгінгі таңдағы маңыздылығы, атқарып жатқан жұмыстары туралы

28:42- Саяси партиялар туралы жаңа заң туралы

31:11 – Жабық тізіммен өтетін сайлаулар неге тиімсіз?

34:56 – Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас сынды өнер иелерінің сайлау тізімінде болу себептері туралы

35:46 – сенат депутаттарын көпшіліктің танымау себептері

38:00 – сайлаулардағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі

38:28 – Эпизодтың қонағы Дастан Аққожаның тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын Sailau -2020 жобасы және кез келген сайлаудағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі туралы пікірі мен ақпараты

44:48 – Зауреш Қабылбековнаның ой-детоксы

47:44 – Елімізде өзгерістің болу-болмауы туралы ой-толғау

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.