OY-DETOX-тің 7-ші эпизоды ипотека тақырыбына арналады. Бұл эпизодта түрлі бағдарлама бойынша әр жылдары ипотека алған Балжан, Бақыт және Асқар өз тәжірибиелерімен бөліседі. Сондай-ақ, “ипотека дегеніміз не?”, оны қашан алған дұрыс және алар кезде неге назар аудару керек деген сұрақтарға жауапты табуға сарапшы Айбар Олжаев көмектеседі. Ол “Қазақстанның орнықтылық қоры” АҚ-ның бас менеджері қызметін атқарады.
Эпизодты онлайн түрлі бағдарламаларда жазғандықтан, дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын.
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, подкаст патрондарының қатарына қосылып, қолдай аласыздар. Толық ақпарат мына жерде
Эпизод таймкодтары:
02:42 – 7/20/25 бағдарламасы бойынша ипотека алған Балжанның тәжірибиесі
06:11 – Отбасы банкінен ипотеканы биыл алған Бақыттың тәжірибиесі
09:02 – мемлекеттік және “Баспана хит” бағдарламалары арқылы ипотека алған Асқардың тәжірибиесі
14:53 шақырылған сарапшы Айбар Олжаев ипотекаға қатысты әуесқой сұрақтарға кәсіби жауап береді.
Ипотека аларда неге баса назар аудару керектігі туралы
17:08 – ипотека портфелі мен ипотека алатындардың жалпы портреті туралы
19:31 – баспанаға қатысты әлемдік және жергілікті тенденция туралы
21:22 – базалық ставка, ақшаның құны, инфлянция және несие, ипотека мен депозиттің пайыздық көрсеткіштері туралы
25:25 – пайыздық көрсеткішті қалай есептейміз?
30:47 – қаржылық сауатсыздық, пирамидалар мен фактчекинг туралы
33:40 – “Баспана хит”, “7/20/25 және өзге мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар туралы
38:18 – ипотеканы төлей алмайтын жағдайда не істеу керектігі туралы
41:09 – несиеден шаршау синдромы туралы
Эпизод қонақтары мен тыңдармандарына шексіз алғысымды білдіремін!