OY-DETOX-тің бұл эпизоды Украинадағы жағдайға арналады. Еліміздегі Қаңтар трагедиясы, ресми мәлімет бойынша 227 адамның өлімі, түрмедегі азаптаулар, прокуратураларды қаумалаған аналар зары … бұдан артық, бұдан сорақы не болуы мүмкін дегенде Ақпан өз повесткасын алып келді. 24 ақпан таңғы 5-те Украина территориясына Ресей әскері кірді. Ресей Федерациясының өзі оны арнайы операция, ал әлемнің басым бөлігі оны соғыс деп танып отыр
Әлбетте, кәдімгі қақтығыспен қатар, ақпараттық соғыс та жүріп жатыр. Бірақ қазір адамдардың басым бөлігі “әлем адамы” концепциясымен өмір сүретінін ұмытпауымыз керек. Бәріміздің әлемнің түкпір-түкпірінде таныстарымыз, достарымыз, достарымыздың достары бар. Шынайы жағдайды солар арқылы біліп жатамыз.
Бұл эпизодта Украинадағы достарым Дарья, Владимир, Анастасияның хаттары оқылады. Сондай-ақ, құрбым Гүлназ Қорданова өз достарының мысалдарымен бөліседі.
Хаттарды оқуға көмектескен Айжан, Думан, Зейнелге алғыс білдіремін, соңында гитараның әуенімен әрлеген – Дамир.
Эпизодта Анна Франктың “Пана: Хат түріндегі күнделік” кітабы оқылады.
Мұқаба дизайны – Дарья Корнеева