Камила Тұяқбаева жыныстық сауаттылық, ұят пен қоғамдық қысым туралы

OY-DETOX-тің кезекті саны жасөспірімдер мен жастардың жыныстық сауаттылығы мәселесіне арналады. Менің қонағым – осы салада үлкен тәжірибиесі бар білікті маман, Y-PEER жастар еріктілер желісінің репродуктивті және сексуалды денсаулық сұрақтары бойынша халықаралық тренері, “Ұят емес” жобасының тренері Камила Тұяқбаева.

Камила екеуіміз жыныстық сауаттылық, ұят, зорлық-зомбылық тақырыптары аясында ашық әңгіме құрдық, құлақ асыңыздар. Камиладан пайдалы кеңестер де бар.

Эпизодтан:

  • Жыныстық сауаттылық дегеніміз не?
  • Жыныстық сауаттылық туралы білімді енгізу артықшылықтары
  • Ұят, үнсіздік, зорлық-зомбылық, бедеулік пен жасанды түсік
  • Осы салада ақпарат алу көздері
  • Көмек пен кеңеске зәру жастар мен жасөспірімдердің хабарласуына болатын байланыс құралдары туралы білесіздер.

Сондай-ақ, осы тақырып аясында әлеуметтанушы Серік Бейсембаев пен журналист Жұлдыз Әбділданың пікірімен таныса аласыздар.

Әңгімеміз барысында apke, suragym bar және aga,suragym barжобалары аталады.

Тайм-кодтар:

00:14 – подкастымның патреоны және алғашқы патрондарым туралы ақпарат

00:38 – Камила Тұяқбаеваны таныстыру

01:10 – 2019 жылғы TED x Semey, тастанды балалар, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі риторика, қыздар мен ұлдардың жауапкершілігі туралы

04:40 – ұл балалардың тәрбиесі, патриархат, дәстүр мен қазақи менталитет, ұят туралы

06:36 – жыныстық сауаттылық тақырыбында сөйлесу мәдениетін қалыптастыру, бұл мәселеде ата-аналар мен ғаламтордың рөлі, зорлық-зомбылықтың қалыпты болу себептері мен ұят пен үнсіздіктің салдары туралы

11:00 – бедеуліктің себептері, қолдан түсік жасау, жас аналардың денсаулығы мен жас отбасылардағы атмосфера туралы

12:42 – жыныстық сауаттылық туралы пәннің мектептерге енгізудің артықшылықтары, осы пән енгізілген өзге елдермен жағдайды салыстыру

15:42 – зорлық-зомбылық, әйел адамға көрсетілетін қоғамдық қысым мен қоғамдық түсінік туралы

19:10 – жыныстық сауаттылық дегеніміз не?

21:50 – жыныстық сауаттылық туралы білімді енгізуге не кедергі деген тақырып аясындағы әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтің пікірі. Ол “Ұят емес” жобасының авторы Қарлығаш Қабатованың «Қазақстанға қандай жыныстық сауат ашу жүйесі қажет?» атты зерттеуіне негізделе отырып, негізгі үш қортындысымен бөліседі.

28:42 – Жасөспірімдерге арналған басылымдардың журналисті Жұлдыз Әбділданың осы тақырып аясындағы пікірі

31:03 – жыныстық сауаттылық аясындағы ақпаратты қайдан алуға болатындығы туралы

33:50 – Камила қызметін бастаған 2007 жылдан бергі елімізде жыныстық сауаттылық туралы ақпаратты тарату деңгейінің өзгеруі

37:30 – Жас балалармен жыныстық сауаттылық туралы қалай сөйлесуге болады? Камиладан бес кеңес.

41:46 – егер қандай да бір кеңес не ақпарат керек болса, осы жерді міндетті түрде тыңдаңыз

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.