OY-DETOX-тың кезекті қонағы – тіл тазалығының сақшысы, кәсіби редактор, күні кеше ғана қазақ тілінде шыққан Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының редакторы Назгүл Қожабек.
Назгүл екеуміз
- Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының аударылу, жарыққа шығу барысы
- заманауи әдебиет пен аударманың сапасы
- қазақ тілінің ахуалы
- қазақ әдебиетін білемін дейтін адамдардың міндетті түрде оқуы керек жазушылардың тізімі
- еліміздегі карантиннің салдары туралы сөйлестік.
Бір сәтке болса да жағымсыз ойлар мен ақпараттан демалып, біздің әңгімемізге зер салыңыздар.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.