OY-DETOX-тың кезекті эпизодының қонағы жастарға арналған Balmuzdaq + жобасының авторлары, журналистика факультетінің студенттері Заңғар Омар, Алина Жартиева және Сұңғат Анапия. Мен алдыңғы эпизодтарымды зерделей келе подкастыма жастардың дауысын қосайын, олардың қазіргі таңдағы мүдде-мақсаттарымен танысайын және олардың ойларымен өзгелермен де бөлісіп көрейін деп шештім. Бір сағат уақыт ішінде біз қазақ тілінің бүгінгі жағдайы, қоғамдағы стереотиптер, ұрпақтар сабақтастығы аясында бірқатар ой қозғадық.
Тайм-кодтар:
00:20 – Менің подкастерлік өмірімдегі жаңалықтар
01:20 – Алақай! OY-DETOX-тің PATREON-ы дүниеге келді. Қандай да бір сомамен қолдау көрсетем деушілерге мархаббат!
02:28 – OY-DETOX деген не? Негізгі концепциясы туралы шағын ақпарат
04:38 – Balmuzdaq Plus жобасының авторлары Алина, Сұңғат және Заңғармен танысу
05:52 – Balmuzdaq Plus жобасының пайда болу тарихы мен неліктен оның дәл осылай аталатындығын талқылау
08:05 – Алина, Сұңғат және Заңғардың бұл жобада бастары қалай тоғысты
11:20 – Қоғам мен жастар арасында тіл мәселесіне қатысты стереотиптер
18:15 – “Қара бөлме” теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы
23:26 – Balmuzdaq Plus қандай ақпарат таратады, қандай тақырыптарға басымдық береді?
25:35 – Қазіргі жастар қандай ақпаратқа зәру және оларға жол табу тетіктері туралы
36:22 – ата-аналар мен балалар, ұрпақтар сабақтастығы туралы
44:30 – жастардың құндылықтары, жеңіл ақша, саясат пен pop-медиа
46:55 – Алина, Сұңғат және Заңғар қандай ақпаратқа зәру?
50:30 – “Қастандық” теориясы, сторителлинг және документалистік журналистика туралы
55:25 – Алина, Сұңғат және Заңғар үшін OY-DETOX не?
56:12 – Жаттану (Alienation) және редукционизм теориясы туралы
Қосымша ақпарат:
Balmuzdaq Plus – жастардың стереотиптерімен бөлісетін медиа. Оның ютюб парақшасы – https://www.youtube.com/channel/UCDkKBVOjs5oN-yqEEoy7Iwg
Эпизодта “Уральская неделя” басылысының аты аталады – https://www.uralskweek.kz/
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.