2022 жыл біз ойлағандай басталмады. 2 қаңтарда Жаңаөзен халқы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына байланысты наразылығын білдіріп, көшеге шықты. Бір күннен кейін Жаңаөзен халқын қолдап, өзге қала тұрғындары да орталық алаңдарына митингке шыға бастады. Арты кей қалаларда ақпараттық блокадаға, жаппай тәртіпсіздікке және қантөгіске алып келді. Бүгінде жауаптан гөрі сұрақ көп. Халық арасында “Қаңтар оқиғасы”, “Қаңтар трагедиясы”, “Қанды қаңтар” аталып кеткен оқиғаның мән-жайын сәл де болса түсіну үшін алдағы бірнеше эпизодты осы оқиғаға арнаймын.
Алғашқы эпизодтың қонағы – Серік Бейсамбаев, әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы.
Біз Серікпен террорист пен бейбіт шерушілердің аражігін ажырату маңыздылығы, Жаңа Қазақстан концепциясы, кешірім сұрау мен қатені мойындау маңыздылығы, президент жауапкершілігі мен азаматтық қоғамның рөлі туралы сөйлестік.
Таймкодтар:
00:00 – кіріспе және қонақпен таныстыру. Қонақ – Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы
01:34 – қаңтар оқиғасына жеке көзқарас пен баға
03:30 – терроризм дегеніміз не?
05:08 – Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми ақпараттық толқынның сарыны туралы
07:56 – 20 000 террорист, қателесу мүмкіндігі мен президенттің жауапкершілігі туралы
10:15 – биліктегі адамдардың кешірім сұрау мәдениетінің қалыптаспауының екі себебі
15:27 – митингке шыққан жастардың портреті қандай?
16:50 – мемлекеттің жастар саясаты мен жастарды қолдауға бөлінетін қаражат, саяси институттар туралы
19:00 – PaperLab зерттеу орталығының Қаңтар оқиғасына қатысты зерттеуі туралы
22:47 – Жаңа Қазақстан құру мүмкіндігі, биліктегі жеке тұлғалардың рөлі, қалыптасқан жүйенің инерциясы туралы
27:16 – азаматтық қоғамның ұйымдасуы, жаңа технологиялар мен көшбасшылардың рөлі туралы
32:36 – бейбіт шерулер мен митингтердің болашағы, үрей мен үміт туралы
36:55 – Дарон Аджемоглудың «Узкий коридор» кітабы, қазақстандықтардың 30 жыл тәуелсіздікті қабылдауы, саяси көзқарастардың қалыптасуы мен сыни ойлау машығы туралы
40:19 – қоғамның қоғам болып қалыптасуының алғышарттары
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаңызда бағалап, эпизод туралы пікір қалдырып кетулеріңізді сұраймын. Бұл – менің подкастымның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Қолдауларыңызға рахмет!
Эпизод барысында жұмыс істегендер:
Жоба авторы және жүргізушісі – Әйнел Әмірхан
Мұқаба дизайнері – Дарья Корнеева
Дыбысты өңдеген – Елдар Құдайбергенов
OY-DETOX саммари – Балауса Асқарова