Екінші маусымдағы екінші эпизодты ел арасында үлкен талқы туғызатын тақырыптың бірі – қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығу мәселесіне арнап отырмын. Маған осы тақырып расында да өте қызық, ал қоғам арасында бұл тақырыптың қызу талқылануы, оған деген реакциясы тіпті қызық.
Егер гуглдың іздеу жолағында “өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары” не “аралас неке” деп терсеңіз, жиырма мынан астам жарияланым шығады және оладың басым бөлігі қыздарды жазғыру тілінде жазылған. Бір қызығы интернетте жүрген статистикаға қарайтын болсақ, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары мен өзге ұлт өкілдеріне үйленген қазақ жігіттерінің саны пара-пар. Мысалы, 2016 жылы елде 4812 қазақ жігіті басқа этнос өкілдерімен некеге тұрыпты, ал өз кезегінде 4328 қызық қызы өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан екен. Бірақ жігіттерді жазғырып отырған ешкім жоқ.
Бірден айтып қояйын, бұл эпизодта аталмыш үрдіске еш сараптама жоқ. Тек өзге ұлт жігіттеріне тұрмысқа шыққан Гаухар мен Раушанның әңгімесі бар. Олар өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу туралы шешімді қалай қабылдады, жаңа елдегі өмірі қалай өрбіп жатыр, менталитет қайшылығы мен өмір салты туралы өз сөздерімен баяндайтын болады.
Гаухардың инстаграм-парақшасы https://www.instagram.com/gauharnuk/?hl=ru
Раушанның инстаграм-парақшасы https://www.instagram.com/raukakao/?hl=ru
Жалпы сіздің бұл тақырыпқа деген көзқарасыңыз қандай? Эпизод ұнады ма? Кері байланыстарыңызды әлеуметтік желіде және сіз тыңдаған қосымшада күтемін!
Эпизодтағы кей дыбыс ақаулары үшін алдына ала кешірім сұраймын.