Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкасының 9-эпизодында психолог, гештальт-терапевт Гүлзат Асановамен жақынынан айырылғандағы ауыр қазаны еңсеру тақырыбын талқыладық. Басқа түскен қайғыны қалай еңсереміз? Қайғыдан ішқұса болып кетпеу үшін не істей аламыз? Жақынынан айырылған соң туыстар бір-біріне қалай қолдау көрсетуі керек? Баласынан айырылған ата-ана қайғыдан қалай оңала алады? Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыз.