Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді? – қазан 20, 2022

Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген “бала кезде алған жан жарасы” мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.

Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.