Жанар Байсеміз: Қыздың бәрі тұрмысқа шығып, бала тууға міндетті емес

OY-DETOX қонағы – Жанар Байсеміз, журналист, “Шетелдегі қазақ балалары” жобасының авторы. Эпизодта біз “Шетелдегі қазақ балалары” жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой қозғадық.