Tilshi Podcast: подкаст жасап, қалай қаражат табуға болады?

OY-DETOX төрінде – Ақтөбеден арнайы келген журналистер, «Тілші» жобаларының авторы Асқар Ақтілеу және Tilshi Podcast-тың тең жүргізушісі әрі авторы Данияр Сағидолла. Бұл эпизодта біз аймақтық медианың дамуы, подкаст индустриясының қиындықтары мен мүмкіндіктері, шығармашылық тандем құру, қаржыландыру мен монетизация жайлы әңгімелестік.

Бір жарым жыл бұрын қарапайым қызығушылық ретінде басталған жоба қалай жүйелі медиаға айналды? Подкаст жүргізудің ең үлкен сынағы не? Ал аймақтан шыққан журналистерді алға не жетелейді? Жауаптарын осы эпизодтан таба аласыз.

Бұл тек журналистика жайлы емес, достық пен ынтымақтастық, жаңа буын мен аға буынның көзқарастары түйіскен жылы да шынайы әңгіме. Көріңіздер, тыңдаңыздар, бөлісіңіздер!

Эпизод таймкоды:

00:00 – аңдатпа, қонақтарды таныстыру

01:40 – Tilshi Podcast қалай басталды?

04:22 – Tilshi News Ақтөбенің өзінде неге танымал емес? Командада кім-кім бар?

06:53 – Неге командада қыздар жоқ?

09:50 – Данияр қалай подкастер болып кетті?

14:10 – Неге подкастты екі жігіт болып жүргізуге шешім қабылдады?

22:19 – Подкаст жазғанда қандай қызық жағдайлар болып тұрады?

23:45 – Асқар мен Даниярдың сүйікті эпизодтары қандай?

25:15 – Асқар неге ырымшыл?

27:45 – Зпизодтың соңғы нүктесін кім қояды?

29:55 – Подкаст жазуда, қонақтармен жұмыс істеуде қандай әдіс-тәсілдерді қоладанады?

35:08 – Ақша және қаралым: Tilshi Podcast құпиялары

49:46 – Tilshi News-тің қандай тағы жобалары бар?

53:22 – Қала/облыс әкімдерін подкастқа шақыру ойда бар ма?

55:54 – Депутат Жұлдыз Сүлейменовамен неге екі эпизод жазылды?

59:35 – Жігіттер отандық подкастерлерден кімді тыңдайды?

01:02 – Болашақ жоспарлары қандай?

01:07 – Қырғызстандағы медиа нарық қандай және олардан не үйренуіміз керек?

Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/ainelkai/

OY-DETOX инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/oydetox/

Tilshi Podcast YouTube-та – https://www.youtube.com/@UCh0z_YKGdrTA7JeZy9bSuhA

Tilshi Podcast инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/tilshi.podcast/