OY-DETOX қонағы – Раиса Сайран Қадыр, Steppe & World баспа үйінің басшысы, Хәрри Поттерді қазақша сөйлеткен адам.
Раиса Моңғолияда туып-өсті, әлемнің бірнеше елінде тұрып, 2019 жылы отбасымен атамекен Қазақстанға көшіп келді. Біз Раисамен 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні қарсаңында арнайы жолығып, баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы сөйлестік.
Эпизодтан:
- Хәрри Поттерді қазақша аудару себептері мен алғышарттары
- авторлық құқық дегеніміз не және оны алудың маңызы
- еліміздегі аударманың жағдайы мен қазақша кітап сапасы
- Cancel Culture, Жоан Роулиң, Стивен Кинг
- Қаңтар оқиғасы, Украинадағы жағдай мен болашақ туралы сөйлестік.
OY-DETOX-тің осы эпизодын, әдеттегідей, барлық подкаст тыңдауға арналған қосымшалардан және сонымен қатар, ютюбтан да таба аласыздар.
Видео OY-DETOX патрондарының қаржылық қолдауы арқылы мүмкін болды. Қолдаулары үшін Бақытгүл, Индира, Зейнелге алғыс білдіремін. OY-DETOX патрондарының қатарына қосылуға шақырамын, сілтеме – https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Мұқаба – Дарья Корнеева
Видео/монтаж – Илья Мартынов
SMM – Ақнұр Тоғайбекова