Қазақстан Ефремовтің ісінен не үйрене алады? Және Төлесова мен Сағынтаев туралы.

Алматы мен Астанада кәсіпорындарды қайтадан жаба бастады, полицейдің бас киімін қағып құлатты деп айып тағылған Әсия Төлесова тергеу барысы жүргенше он тәулікке жабылды, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті, екі әріптесін қағып өлтірген мас полицей авариядан бірнеше күн бұрын жұмыстан шыққаны белгілі болды, бес жылға сотталған Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты, ал Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған.

Бұл дәл қазір болып жатқан Қазақстан жаңалықтары және осылар туралы бүгін сөйлесетін боламыз.