Қайтадан көзбояушылық па? Тоқаев репрессия құрбандарын ақтауды тапсырды

Қазір елімізде және әлемде көптеген жаңалықтар орын алып жатыр, бірақ бүгін мен сіздермен өткен күндер туралы әңгімелескім келіп отыр.

Кеше 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды және де Тоқаев осыған орай үндеу жариялады. Ол тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын мәлім етті. Бірақ ол құрбандарды ақтау ма басты мәселе әлде кінәлі адамдарды атау ма? Сонымен қатар, елімізде дәл қазір репрессиялар жалғасуда. Саяси көзқарастарын ашық білдіргені үшін заңгер Әлнұр Ильяшев дәл қазір қамауда отыр. Өткен күндерден сабақ алмаған, болашақтан таяқ жейді.

Кешегіні еске ала отырып, оның сабақтарынан да үйренуіміз керек. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығын қозғайтын боламыз.