Бір аптадан бері әлеуметтік желілерде ұйғыр ауданында болып жатқан қақтығыстар туралы қорқынышты видеолар тарауда.
Бейнелерде әскерилер Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын қоршауға алып жатыр. Әдеттегідей билік ол туралы тіс жарып, ешқандай ақпаратты тараптағандықтан, елде өсек тарап, неше түрлі әңгімелер айтылды. Бүгін ақыры ресми ақпарат пайда болып, онда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында он адам қатысқан қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген ақпарат айтылды.
Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Азаттыққа берген ақпаратында кикілжіңнің қазақ және этникалық ұйғыр жастары арасында болғанын растады. Алайда аудан ақсақалдары мәселені ұлтаралық қақтығыс емес, бұзақылық деп қабылдауды сұраған.
Ресми түрде қақтығыс себебі – жол үстіндегі көлік жүргізушілердің түсінбеушілігі, бірақ Qazaq Times журналистері оқиғаның себебі басқада деп отыр.
Одан басқа, бүгін Алматы облысы әкімшілігі Ұйғыр ауданы деген атау да өзгеруі мүмкін деген хабар шығарды.
Сонымен Алматы облысында не болып жатыр?