Баршаңызға сәлем,
Сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева.
Бастамас бұрын сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісейін. 42500 теңгені заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылады деп халықты тығырыққа тыққысы келген Еңбек министірлігі жұрт мен журналистер жаппай наразылық білдіре бастағанынан кейін, ол шешімін өзгертті. Бірақ бұл жерде де бір кішкентай алаңдаушылық қалды.
Сол туралы, ал ең бастысы, үкіметке сын айтқан белсенділерді қамауға неге карантин кезінде ала бастағаны туралы бүгін сөйлесейік. Кеттік.