12 қараша – менің авторлық подкастым OY-DETOX-тің туған күні!

Бүгінгі туған күндік эпизодта мен кей подкаст қонақтарының сұрақтарына жауап беремін. Не керек, OY-DETOX қонақтарының кебін киіп, олар интервьер, ал мен интервью беруші болдым да қалдым. Подкаст туралы бірәз әңгіме айтылды, тыңдап көріңіздер!

1 жыл бойы мені тыңдап, лүпілдеріңізбен, жылы сөздеріңізбен, кері байланыстарыңызбен бөлісіп келе жатқандарыңызға рақмет! Осы қарқындарыңыздан айнымаңыздар 🙂 Қолдауды сезіну қашан да маңызды! Мен де өздеріңіздей кең болуға тырысып бағудамын!

Ал OY-DETOX-ті құттықтағыңыз келсе, өзіңізге ұнаған кез келген эпизодпен стористе бөліссеңіздер болады. Әрі менің шығармашылығымды кез келген сомада Patreon арқылы қолдай аласыздар. Барлық ақпарат мына жерде https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

Ал, OY-DETOX-тің туған күні құтты болсын, достар! Ура!