OY- DETOX подкастының кезекті қонағы – Марфуға Шапиян, блогер, журналист, саяхатшы. Бүгінгі таңда көптеген мотивациялық кітаптардың саммариін жасаушы автор. Екеуімізді осыдан бірнеше жыл бұрын инстаграм әлемі таныстырып, табыстырған болатын. Марфуға жас ана, сондықтан екеуіміз анкор желісі арқылы телефонмен әңгімелестік. Дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын.
Марфуғамен
✅ блогерлік ұғымы және инстаграмда табыс табу жолдары
✅ кітап әлемі мен саммари оқырмандары
✅ діндегі әйелдің орны
✅ тайм-менеджмент, мотивация және қоғамдағы маңызды мәселелер туралы сөйлестік.
Подкаст – аудио форматындағы жазба. Оны кез келген уақытта – жол үстінде, автобус пен метрода, жүгіріп бара жатып тыңдай аласыздар.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.