Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкасының 16-эпизодында махаббат, екі адам арасындағы қарым-қатынас тақырыбын қозғап, қарым-қатынастың алғашқы этаптарынан үйленуге дейінгі кезеңді қамтыдық. Яғни, қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Үй болғанға дейінгі мәселелерді екі тарап қалай шешкені жөн? Екі ғашық жеке шекараларын қалай түзу керек? Жалпы тату-тәтті, дұрыс қарым-қатынасты қалай бастаймыз? Бұл сауалдарға кәсіби психолог Әсел Исаханова жауап берді.