Осы жылдың қаңтар айында Асхат Еркімбай екеуіміз “Неделька” кафесінде таңғы кофемізді ішіп алып, алаңсыз осы жылға әрқайсысымыз өз алдымызға қойған мақсаттарымызбен бөліскен болатынбыз. Сосын асықпай OY-Detox-тің кезекті эпизодын жаздық. Сонда Асхат ойда-жоқта байқау жариялап, байқау жеңімпазымен менің подкастымның эпизодының бірінде кездесеміз деп келістік. Сосын пандемия, төтенше жағдай және карантин басталды. Өмір өзгерді. Араға жеті ай салып, OY-Detox-та байқау жеңімпазы Азат Ысқақпен онлайн танысып, интернет, цифрлы қауіпсіздік және ақпараттық сауаттылық туралы сөйлестік.
Сонымен, Азат Ысқақ кім, немен айналысады және менің подкастымды қайда, қалай тындайтындығын білу үшін осы эпизодты тыңдаңыздар. Ал эпизод соңында тағы бір бастаманың басын көтерді.Онсыз Асхат Асхат болсын ба?!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.