Әдетте мен басқа елдерде болып жатқан жаңалықтарға онша көңіл бөлмеуге тырысам, бірақ кей кездері ол жаңалықтардың біздің елге тікелей немесе жанама қатысы бар. Мысалы, дәл Қазақстан сияқты 30 жылдан бері ұйықтап жатқан Беларусь елінде 9 тамызда болатын президент сайлауының алдында наразылық акциялары мен митингілер өтуде. Екінші жағынан жақында ғана Путин арнайы сұхбат беріп, бұрыңғы Кеңес одағының құрамындағы мемлекеттер Ресейдің біраз жерін жымқырды деген болатын. Украина Ресей ықпалынан шығуға әрекет жасағанынан кейін, Қырымнан айырылды. Қазір Беларусьтегі жағдайдан кейін, Ресейдің қалай әрекет ететіні біз үшін де белгі болмақ. Одан басқа, Тоқаевтың ЕАЭС отырысында Ресейге ашық көрсеткен наразылығы тағы бар.
Дегенмен, кеше ғана Мәскеуде өткен Жеңіс күніне арналған шеруде Тоқаев Путиннің дәл қасында отырды. Сонымен Ресейдің қол астынан шығу мүмкін бе және оның бағасы қандай?