Шығыс Түркістан қазақтарының Такла – Макан, Гоби, Тибет, Үндістан, Кашмир асып, Парсы шығанағымен Түркияға ауып барғанына 75 жылдан асты. Азаттық радиосы 1989 жылы осы үркін кезіндегі Қалибек көшінің 40 жылдығына орай тізбекті хабарлар әзірлеп, трагедияға толы күндер куәларын сөйлеткен.