Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкасының 17-эпизодында психологиялық тұрғыда есеймеген ата-ананың есейген балалары деген тақырыпта сөз қозғамақпыз. Бұл – өте ауыр әрі маңызды тақырып. Себебі бұл тақырып қазақ медиасында, интернет кеңістігінде көп айтыла бермейді. Яғни, психологиялық тұрғыда есеймеген ата-анадан тәрбие алған бала кейін есейгенде қандай мәселелерге тап болады? Дизфункциональды отбасыдан шыққан балалардың есейгендегі мәселелері қандай болады? Ата-анасы ішімдік ішкен балалар үлкейгенде тап болатын қиындықтар қандай? Бұл сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанатпен жауап іздедік.