“Жаншипаның” 34-эпизодында карпман үшбұрышы деген тақырыпты талқыладық. Психологияда Карпман үшбұрышы жайлы айтқанда адамдарға құрбан, құтқарушы, агрессор деген рөлдер беріп жатады. Демек, құрбан, құтқарушы, агрессор деген кім? Адам бұл рөлдерге қалай түсіп кетеді және рөлдерден қалай шығуға болады?
Осы сауалдарға практик психолог Назира Бурханова жауап берді.