OY-Detox-тің кезекті қонағы – Ернар Қуанышев, “Болашақ” бағдарламасының түлегі, PR маманы, ағылшын тілін үйрену, шетелдік университеттерде оқу артықшылықтары туралы жазып жүрген блогер.
Ернар екеуіміз “Болашақ” бағдарламасы, шетелде оқу артықшылықтары, ағылшын тілін оқу жолдары, жеке мотивация мен Ернардың блогы туралы сөйлестік. Егер көңіл күйлеріңіз түсіп, қандай да бір мотивация қажет етіп жүрсеңіздер, онда біздің әңгімемізді міндетті түрде тыңдаңыздар! Ернар керемет мотиватор!
Әңгімемізде айтылатын есімдер;
блогерлер – Өркен Кенжебек, Динара Болат, Шыңғыс Мұқан, Қуаныш Шонбай
Дмитрий Петров Полиглот. Ағылшын тілі сабақтары
Sir Ken Robinson: Do schools kill creativity?
Angela Lee Duckworth: Grit: the power of passion and perseverance
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.