Бұл эпизодта медиасарапшы, Factcheck.kz редакторы Думан Смақовпен бірге жалған ақпараттың қоғамдағы рөлі, фейктердің эволюциясы және жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа қауіптер туралы әңгімелестік.

– Фейк ақпарат қалай және не үшін таралады?

– Қазақстанда ең көп таралатын фейктер қандай?

– Алаяқтар қандай әдіс қолданады?

– Жасанды интеллект пен дипфейкке сенуге бола ма?

– Пребанкинг деген не және ол неге маңызды?

– Біз технофобпыз ба, әлде технооптимистпіз бе?

Осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын эпизодтан тыңдай аласыздар.

Эпизод таймкоды:

00:00 – аңдатпа

01:31 – Фактчек ұғымының Қазақстанда дамуы қашан басталды?

06:31 – Фактчек туралы білетін адамдардың қатары көп пе?

08:58 – Фактчек дегеніміз не?

11:50 – Мемлекеттік пропаганда деген не және оның несі жаман?

16:13 – Жалған ақпаратты қалай ажыратамыз? Қандай алғышарттары бар?21:37 – Кімге сенеміз?

23:26 – Chat GPT-ға сенуге бола ма?

25:05 – Жиі тарайтын фейк түрлері

30:00 – Жасанды Интеллект бізге жау ма, көмекші ме? Жаңа сандық ғасырда өмір сүру ережелері қандай?

38:44 – Жеке брендті домыту, ашықтық және цифрлық қауіпсіздіктің ара-жігі қандай?

42:02 – Думанның өзі кімге алданды?

45:35 – Фактчекерлердің жұмыс істеу тәсілдері қандай?

48:33 – Factcheck.kz қалай қолдауға болады?

52:40 – Паранойя мен эмоционалды күйюді қалай жеңуге болады? Редакцияда психологтар бар ма?

Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/ainelkai/

OY-DETOX инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/oydetox/

Factcheck.kz – https://factcheck.kz/kaz/