OY-DETOX | Денсаулық: Антибиотикке төзімділік неге қауіпті?

OY-DETOX төрінде жаңа айдар «OY-DETOX | Денсаулық» айдарында денсаулық тақырыбындағы маңызды әңгімелер легін бастаймыз. Енді бұл айдарда денсаулық сақтау саласының мамандары мен сарапшыларымен бірге бәрімізге ортақ өзекті тақырыптарды талқылаймыз.

Алғашқы эпизод қонағы — Манар Смағұл, дәрігер-эпидемиолог, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары.Бүгінгі эпизодта антибиотиктерге төзімділік туралы сөз қозғаймыз. Неліктен кейбір дәрілер әсер етпей қалды? Бұл мәселеге біздің қандай қатысымыз бар? Ал оның салдары тек медицинамен ғана шектеле ме? Жауаптарды эпизодтан іздеңіздер.

Эпизодта тағы қозғалған тақырыптар:– Микроағзалар неліктен антибиотикке төзімді бола бастады– Өзін-өзі емдеудің және дәріні рецептсіз сатып алудың зардаптары– Вакцинаның орны мен рөлі– Адам, жануар және табиғат денсаулығының өзара байланысы– Күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым әрі тиімді алдын алу шаралары

Эпизод тайкады:

00:52 – аңдатпа, қонақпен таныстыру02:52 – антибиотикке төзімділік дегеніміз не? Оның экономика мен экологияға әсері08:10 – антибиотикке төзімділік қалай қалыптасады? 14:50 – тұмаудың кезеңдері, күресу жолдары мен қауіп-қатерлер18:33 – балалардың иммунитеті, микрофлорамен қарым-қатынасы және “тым таза ортада” өсудің әсері22:00 – Дәрігер таңдауы, сенім, гугл диагноз және өзін-өзі емдеу28:27 – Онлайн дәрі сатып алу, Рецепттің рөлі, бақылау жүйесі32:20 – жарнамалық үзіліс31:24 – дәрілерді қауіпсіз жеткізу жолдары33:15 – Антибиотикке төзімділіктің өсуі, төзімділік статистикасы және халықаралық бақылау38:35 – вакцинацияға деген көзқарас, оған әсер ететін факторлар мен қоғамдағы пікірлер

«OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады.

Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/ainelkai/

OY-DETOX инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/oydetox/

kz.apteka.com инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/aptekacom/

Манар Смағұлдың инстаграм парақшасы – https://www.instagram.com/manarkasymzhanova?igsh=MTZrZHJzc3pmMWF1Yw%3D%3D