Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім.
Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар!
Таймкод
00:00 – кіріспе
01:04 – эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру
04:05 – мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология
09:00 – «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ
11:06 – Ғайнижамал образы неге ашылмады?
15:02 – Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы
19:55 – тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық
29:57 – Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы
35:37 – бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар?
39:30 – Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы
40:30 – отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары
48:09 – Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады?
01:08:08 – кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы
“Міржақып. Оян, қазақ” сериалын көру – https://www.youtube.com/watch?v=Itv4FFNKG_c
Әйнел Әмірханның инстаграмы – https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы – https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы – 4400 4301 3065 7460 – OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!