Біз күнделікті көп адаммен араласамыз. Тек олар хабарласқанда “қалың қалай?” дегеннен кейін не сұрарын күтіп отырамыз. Егер осындай үрей көп болса, онда сіз тұтунышылық қатынас нысанысыз.
Ал оны енді қалай анықтаймыз? Ол қандай қатынаста болады? Жалпы, дұрыс нәрсе ме осы? Тура осындай майда әрі маңызды сұрақтардың көбіне жауап табуға тырыстық, талқыладық, талдадық.
Қарым-қатынасты реттеу ше? Ол да болады. Тек дұрыс істесек болды.
Ата-ана, достар, жұбыңыз – бұл кісілердің бәрі тұтынушылық қатынас нысаны бола алады. Көп жағдайда соны танытушы адамдар да осы кісілер. Тек ол жаман ба? Ал жақсы кездері бола ма?
Қысқасы, айтар зат көп! Қызығы да біршама! Түймемен бір толқында болып, көп әңгіме тоқ етерін айтайық!
Біздің жаңа эпизодты тыңдап, осында пікір жазып қолдасаңыздар болады. Бізге ондай қолдау өтімді.
Қызық әңгіме айтып, қызықты жайттардан хабардар болу үшін біздің инстаграм мен телеграмға тіркеліңіз!
Пысы. Сіздің рұқсатыңызбен құшақтап жатырмыз!)
Instagram: tuime.podcast
Telegram: tuimepodcast